23.08.2022
  102


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жан күйім

(әні бар)
Табатын кәрінің де, жастың емін,
Ән-күйім, той-думанның
аштың өңін, тасқын едің…
Самғайды-ау, арт-артынан тастүлегім!
Деуші едім алаңсыз,
Сәбидей залалсыз,
Кедергі жетеді екен,
не етер екен?
Күні ертең күрсінтпесем, бәстігемін!


Қайтейін, жарығым ең, жақұтым ең,
Қызғанса, пенде шығар,
кендесі бар, бақыты кем.
Жұмбақ жоқ шешілмейтін уақытымен,
Толқыса, жан күйім,
Төгілген ән-күйім.
Түсініп тұрса-дағы түрткіледі-ау,
Аты – адам болғанымен, заты – түлен.
Қолдаса, ел оңалар сұңғыласын,
Қасымдай қараланған
Құнды басым, булығасың…
Батырдай шешпей кеткен дулығасын,
Кұншілдік көрсетпей,
Жұртыма өлшетпей,
Ырқына – биліктінің, килікті үнім, –
Мойындар кім кінәсін?
Қынжыласың…
Ұғатын құлақ бар ма базынаңды?
Уақыт күзін беріп,
Қазын алды, назы қалды…
Серінің құйқылжиды сазы мәңгі!..
Танымай заманы, таусылған амалы,
Кең қала, ен далада, мен ғана ма?
Кемсеңдер кім көрсе де қазынамды?!



2000 жыл





Пікір жазу