23.08.2022
143
Елге сәлем
(әні бар)
Шұбырған түйелі көш, сағым ойнап,
Түсімнен шықпай қойды-ау, ауыл-аймақ!
Дәм-тұзым дараланды-ау, барған сайын,
Қайықтай алыстатқан дауыл айдап!
Басымды дуанаға теңесе егер,
Рас-ау, аяулы аға, жеңешелер.
Түрімді туысымнан қызғана ма,
Жаратқан жасыруға неге шебер?!
Қайда екен, қарындасым, інілерім?
Тақпап ем еркелетіп, біріне мін.
Жайлаудан жан үзерде жұпар жұтсам,
Мен тіпті өлсем қайта тірілемін.
Буынды бекітпесе, дәрі ішіліп,
Тәрізді сүйегімнің бәрі сынық.
Кейінгі зейіндіге керек-ау деп,
Жыр жазып, ән шығардым жанұшырып.
1999 жыл