23.08.2022
  103


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Қайран, дауыс!..

(әні бар)
Жаңғыртып, жағал таудың қарлы басын,
Шырқаушы ем сал-серінің бар мұрасын.
Сырнайдай сыңғырлаған қайран дауыс,
Екі ауыз әнге келмей, қарлығасың.
Қайырма:
Ей, тамағым-ай,
Ой, дауысым-ай,
баяғыдай!
Күйік-қой, бақытыңды бағаламау,
Сұқтанып, сор да сұғын қадаған-ау!
Делбіреп делебесі, қозатұғын,
Досым да, дұшпаным да табалады-ау!
Қайырма:
Тынысты дерт шалғанда, ала-бөтен,
Қайтейін, қарманбаған салақ екем!
Биікке тілің жеткен, үнің жетпей,
Жоғалтқан өзіңді-өзің жаман екен!
Қайырма.



1977 жыл





Пікір жазу