23.08.2022
  112


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Тарту

(әні бар)
Әулиенің айтуындай,
Ақыл-ойдың артығындай.
Жарты шаттық, жарты мұңдай,
Әуені осы Қажытайдың,
Тағдырының тамтығындай.
Табиғаттың тартуындай,
Айдаланың алтынындай.
Қауқарлының қарпуындай,
Әуені осы Қажытайдың,
Түндегі оттың жарқылындай.
Қаршығаның қарқынындай,
Жасыл жайлау салқынындай.
Бейнетінің қайтымындай
Әуені осы Қажытайдың,
Армандаған ән туындай.



1990 жыл





Пікір жазу