23.08.2022
565
![](/uploads/shorttexts/author_image/bb4e7c57ec76bc7d29bf1532679e7398-original.jpg)
Кешіктің
(әні бар)
Сыңсыған тырнаның,
Тыңдадым сырлы әнін.
Қозғады-ау, қоңыраулатып,
Жанымның ырғағын!
Қайырма:
Өзіңде назарым,
Жабырқау ажарым.
Аңырдым аспанға.
Жас толы жанарым,
Сағыныш еңсені басқанда.
Тізбегі алыстап,
Кетті ол да дауыстап.
Мұңайып, мүсіркегендей, Жүдеді
таныс бақ.
Қайырма:
Құстан кем емес ең,
Кешіктің неге сен?!
Жетсеңші, кідірмесеңші,
Өртенсін демесең!
Қайырма:
1981 жыл