23.08.2022
  88


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Қаршыға

(әні бар)
Шабытымның жанғандай бар шырағы,
Серуенмен тазарды-ау, жан шуағы!
Қаршығадай қағілез қарағым-ау,
Домбыраңды алшы, кәні!
Қайырмасы:
Аршалы тау, көк шілік, сынап өзен,
Сергітті ғой серідей қаршығалы,
ән шығады!..
Толған шағың торқамен тойланғанда,
Тебірендім жеңдіріп бойды арманға.
Көңілімнің күмісін сыңғырлатып,
Шашайыншы қойнауларға!
Қайырма.
Жұмыр жердің бетінен мына мені,
Сендей ешкім елжіреп, ойға алған ба,
көк жайлауда?!
Құйылды әуен көкейге қалай-қалай?
Мезгіл өтіп барады-ау, абайламай!
Қауырсының жетілді қаршығадай,
Қабағыма қарай-қарай!
Қайырма.
Аспан ашық алдыңда шар айнадай,
Шарықтайсың япыр-ау, қалай, қалай,
қалай қарай?!



1981 жыл





Пікір жазу