23.08.2022
  156


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Әкеме

(әні бар)
Жан әке, ұмытқам жоқ тәліміңді,
Ер едің еңіреген, жаны мұңды!
Кекілді кезімде айтқан өсиетің,
Жұлдызым адаспайтын әлі күнгі.
Заманым аяған жоқ барын менен,
Досым көп, бұтін дәнін жарып жеген.
Жабырқап отырушы ең жалғызсың деп,
Азамат қарын бөлем қадірлеген.
Мұхитты елемейтін теңіз құрлы, Ән
төккен сері болдым сегіз қырлы.
Шекемнен шерпегенің тірлігіңде,
«Қыранның балапаны-ай!» дегіздірді.
Күлкі ойнап кәрі-жастың қабағында,
Дүние дөңгеленді табанымда.
Ұжымақ өзін айтқан осы-ақ шығар,


Дариға-ай, көрмедің-ау аманыңда!..



1979 жыл





Пікір жазу