23.08.2022
  138


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Кемпірқосақ

Көрмедей әсем шағын, асыл шағын,


Ашады ақжаңбыры басылса, күн.
Керіліп кіреуке аспан иығына,
Ал қызыл, сары жиек, жасыл сағым.
Бойынан айыққандай мұңы бүткіл,
Айнала уылжиды құбылып гүл.
Қыз ажар үлбіреген көріністің,
Жаны тек жалғыз қылға ілініп тұр.
Шендеспейтін басқа еш кездерменен,
Өзіңдей жазылмады-ау, көз көрген өң!
Тамаша табиғаттың Әйгерімі,
Шүкімән аты бірақ өзгермеген.



1971 жыл





Пікір жазу