23.08.2022
92
Жайлаудағы шаңқай түс
Құбылтып торған самал бетегені
Бір толқын, мың толқынды жетеледі.
Қызыға телміреді күлімкөз күн,
Кірпігін қағып қалса, не етер еді?..
Аспан да тым өзгеше кұйде тұнық,
Асауға арқан кетті сүйретіліп.
Ақырады үлкендер бозбалаға,
Іргелері тұрілген үйде отырып.
Желі басы қызыққа батқан ойнақ,
Бәріне құмартамын нақ бажайлап.
Сауатұғын биені қайырғалы,
Біреу міне жөнелді атқа жайдақ.
Көрер-ау, жаңбыр жауса, көрешегін!..
Бірақ неткен мезгілдің төресі едің?!
Май тұздаған қыпша бел қыз бетінде,
Барқыт жол сағымы тұр өрешенің…
1966 жыл