23.08.2022
118
Жайлау таңы
Қоңырқай дүниені сәндегелі,
Сазан төс самалалап таң келеді.
Бозторғай аспандағы қоңырауша,
Шырылдап, ұқтырғандай әлденені.
Ару күн күлім көзін қадап еді,
Көк аспан жирен тартып сала берді.
Көлеңке жұлым-жұлым түлеп әне,
Тұмшалап жатқан жаңа бар әлемді.
Бусанып күнгей тастың шар тарабы,
Меруерт шық мөлт-мөлт түсті аршадағы.
Із түсіп теріскейге сойдақтаған,
Ауылдың қыбырлады барша малы.
Тек әжей түндік ашып, құртын жайды,
Сиыр өрді-ау, тұяғы сыртылдайды…
Жетпеген бие бауға дүбірді естіп,
Елеуреп, арқандағы ат тың тыңдайды!..
1963 жыл