23.08.2022
  98


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Алатаудың кей сәті

Табиғат тамашасын айтасың қай?!
Жырға қос құлжаларын сай тасындай.
Алатау иығына бұлт ілінсе,
Өшескен буралардың шайқасындай.
Ақ бура, қара бура, қоңыр бура,
Түксиген келе мұнда, шоғыр мұнда.
Күркіреп арасынан от шығарса,
Қаймыға қаһарынан қорындың ба?..
Ашылар таудың әсем көркі тағы,
Тәубесіз, тантық өзін зор тұтады.
Кесірі бір пенденің мыңға тиіп,
Табиғат талтандасаң, қорқытады…


2000 жыл





Пікір жазу