23.08.2022
  68


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Алатау

Дулыға киген басың мұз құймалы,
33
Сайыңнан өреді өзен жүз бұйдалы.
Пейілің кең ақ езу аязда да
Кетпейді етегіңнен күз дидары.
Жаралған заманыңды жарықтығым,
Білеміз бе көргендей барып бүгін?!
Бірақ та сен білесің тым әріден,
Шаттығын өткен елдің, ғарыптығын.
Кәнекей, шежірең бар есте қандай?
Ұғайын, ұқыптайын кешке қалмай.
Япыр-ау, неге ғана тіл қатпайсың,
Көп біліп, аузын баққан ескі адамдай?..


1968 жыл





Пікір жазу