23.08.2022
  89


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Лебіз. Экспромт

Шу асауды өз ырқына көндірген,
Лапылдаған талай өртті сөндірген.
Тонна-тонна руданы қопарып,
Алашыма асыл ұрпақ өндірген –
Қажытай ағам;
Қажытайым қайыспайтын құрышым,
Бар ғұмырын сарп еткенде жыр үшін,
Ұрпақ жалғап, иіп берген ұлтына
Бойындағы алтыны мен күмісін –
Руда жеңгем!


 


Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ,
ақын, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының иегері





Пікір жазу