23.08.2022
179
Құрбының қу сөзі
Қанымды қағындырған ұл ма, қыз ба
Аңсарым ауып кетті-ау, тұлғаңызға!
Өмірдің тәттілігін білгендіктен,
Сұлуды сүю үшін туғамыз ба?!
Дәндетіп тіл үйірген жеміңізге,
Сый-құрмет жасадыңыз теңіңізге.
Тағатсыз тасқын жүрсе, тамырлардан,
Осыны тоқтататын еміңіз не?..
Сапырсақ, қанды-қанға, жанды-жанға…
Қалқам-ау, қасыңыздан тапжылам ба?!
Осындай дерттен өстіп, жазылдым деп,
Еске алып отырармын алжығанда!..
1980 жыл