22.08.2022
  295


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Би кешінде

Сыртқа шалқып, жан толқытқан үйдегі үн,
Қоздырады делебемді би менің.
Сусылдаған қарлығаштай серілер,
Сетінетіп танысын, не сүйгенін.
Көк жайлаудың иісі аңқып мұрынға,
Тисін қолың кемінде бір бұрымға.
Қабақ шытып, жапа-жалғыз тұрғанның,
Көңіл күйін жайсыздыққа ырымда!
Танылады уайымсыз нұрлы көз,
Табылады баққан бәрін дүрбі көз.
Мағынасы ұқсамайтын өлеңдей,
Аңғарасың неше түрлі сыр, мінез.
Үйірімін күн жолындай қайталап,
Бір-бірінің әуселесін байқамақ.
Желпіндіріп, алқындырып барады,
Бәрекелді, анау жігіт, сайтан-ақ!..


1967 жыл





Пікір жазу