22.08.2022
232
Гитара
Тәтті саз бейне ғашық күбіріндей
Арыңды кейде тұлпар дүбіріндей.
Іңкәрмін екі түрлі ғажабыңа,
Бірі салқын, күн шуақ бірі күнгей.
Сезетін күйге ғана жаны құштар,
Тым нәзік үзілердей сағыныш бар.
Үндесіп күйігі көп кәрияға,
Шыңғырған шыңыраудан жалыныш бар.
Мұңайып күрсінеді, ысқырады,
Булығып айта алмайды, ышқынады.
Сүңгітіп, өзге өмір өлкесіне,
Жалғасы бітпейтіндей түстің әлі.
Алыстан арбағандай бұлдыр үміт,
Қояды аласұртып, жынды ғылып.
Сиқырлы, сыралғылы әлдиіне,
Өтермін өле-өлгенше құлдық ұрып.
Ал кейде сияқты ғой сырласымдай,
Құштарлық, не қылайын, жүр басылмай?!
Жетеді-ау, адам тілі жетпегенге,
Бір шертсем, жас жасаймын бір ғасырдай!..
1965 жыл