22.08.2022
765
Қайырлы болсын күніңіз
Барша жанға тілерім,
Қайырлы болсын күніңіз.
Қуансын тек шаттана,
Күндей нұрлы жүзіңіз.
Нұрлы болып әрбір күн,
Сәттілікке жалғансын.
Бар жақсылық сіздерге,
Сіздерге тек арналсын.
Сыйластық пен ынтымақ,
Жанымыздан табылсын.
Жаратқаным жар болып,
Шаттықты күн ағылсын.