22.08.2022
570
Бір сөзді болу керек
Бір қу Қожанасырдан:
– Қожеке, сіз осы нешедесіз? - деп сұрайды. Қожа:
– Қырық жастамын, - дейді.
Он жыл өткен соң әлгі қу Қожадан:
– Қожеке, сіз неше жастасыз? - деп тағы сұрайды. Қожа тағы да:
– Қырық жастамын! - дейді. Сонда қу:
– Бұл қалай? Он жыл бұрын сұрағанымда қырық жастамын деген едіңіз ғой? - дейді.
– Адам бір сөзді болу керек, - дейді Қожа.