22.08.2022
223
Жанжал неден шығады?
Бір күні хан мен Қожа әңгімелесіп отырған- да хан:
– Мен осы жұртқа қайран болам. Қашан көр- сең бірімен- бірі ұрысып, жанжалдасып, төбе- лесіп жатады. Сіз айтыңызшы,– осы жанжал қайдан, неден шығады? - деп сұрады.
– Адам байқамай біріне-бірі «ақымақ» деп айтып қалады. Жанжал осыдан шығады, - деді Қожа.
– Не болса соны айтады екенсіз, содан да жанжал шыға ма? - дейді хан.
– Ақымақсың! - дейді Қожа. Хан ашуланып қаһарына мінеді.
– Сен ақымақ!
– Міне, тақсыр, айтқаным келді, - дейді Қожа.