22.08.2022
155

Құдайдан хабар болмады
Қожанасырдың жесір апасына Сопы қырын- дапты. Қожанасыр сопының үстінен имамға арыз берсе:
– Сопыға құдайдың өзі көрсетеді... асықпа, - депті имам.
Бір күні Қожанасыр Сопыны көріп, қамшымен бастан тартып-тартып жіберіпті. Енді имамға Сопы шағыныпты. Имам Қожаға:
– Мұның не? - деп ақырғанда, Қожанасыр:
– Құдайдан хабар болмай қойды... Енді қай- тейін, - депті.