22.08.2022
  225


Автор: Қожанасыр хикаялары

Жарты жөтел

 


Хан Қожанасырды сөзден жеңбек болып, та- лай қулық жасайды, ұта алмайды. Ақырын- да, ол: «Қожаны сөзден жеңетін бір амал та- быңдар», - деп уәзірлеріне тапсырады.
Уәзірлер ұзақ кеңесіп, «амал таптық»- деп ханға келеді. Хан Қожаны шақыртады:
– Қожа, бізге жарты жөтел зәру болып тұр.
Соны тауып беріңізші! - дейді.
Сонда Қожа ханның алдында жатқан пы- шақты алып, оның жүзін аузына көлденең ұстап жөтеледі:
– Ал, тақсыр, осы жөтелдің қай жағын қала- саң, сол жағы жарты! - дейді.жөтел, Қожанасыр, Балалар әдебиеті 





Пікір жазу