22.08.2022
  315


Автор: Қожанасыр хикаялары

Қожанасырдың шаш алғаны

 


Қожанасырдың үйіне бір күні көршісі келіп:
 «Қожеке, шашымды алып бере қойшы», - депті. Қожанасыр «құп» деп, шаш алатын ұстарасын ала сала, шашын сыпыра бастапты. Ұстарасы өтіңкіремей, көршісінің басын ауырта бастап- ты. Басының ауырғанына шыдай-шыдай, ақыры шыдамы кеткен көршісі: «Қожеке, ұста- раңды қайрап ал, өтіңкіремейтін көрінеді»,
- депті. Қожанасыр: «Құп», - деп, жалма-жан қайрап алып, ісіне қайта кіріскенде, ұстарасы- ның өткірлігі сондай болыпты, тіпті қолы би- лей алмай, басының әр жерін тіліп ала беріпті. Басы мең-зең болып ауырған бишара көр- шісі: «Бұл мәжнүнге қайдан келдім», - деп ойлапты да, «Қожеке, басымның сау жерін қалдырмай кескіледің, енді құлағымды бай- қай көр», - депті, құлақ-шекесінің шашын ала бастаған кезде. Қожанасыр: «Е, құлақ деген оңай ғой, бастай емес», - деп құлағының бір- екі жерін тіліп жіберіпті. Бишара көршісі:
«Ойбай, Қожеке, бұның не?» - деп шыр ете түсіпті. Қожанасыр: «Е, өзің айтқан жоқсың ба, «басымды кескіледің, енді құлағымды» деп», - депті саспастан. Көршісі: «Ойбай-ау, ол сөзім құлағымды кесіп алып жүрме, басы- ма ұқсатып дегенім ғой», - депті. Қожанасыр:
«Е... енді түсіндім, манадан солай демейсің бе, онда мына сау құлағынды да кесіп алып жүрермін, одан да қолыңа ұстап отыр», - деп құлағын кесіп алып, қолына «мә» деп ұстата қойыпты.
Сөйтіп, бишара көршісі, «шаш алдырам» деп құлағынан айырылып, шұнтиып үйіне қайтыпты.





Пікір жазу