22.08.2022
  427


Автор: Қожанасыр хикаялары

Қожанасырдың қарыз беріп, қарыз алуы

 


Қожанасырдың бір кісіде алашақ бес теңгесі бар екен. Екі жылға толғанда әлгі кісіден ала- шағын һәм алыпты да, қарызға бес теңге қосып алыпты. Бірақ ол кісі бес теңгені қарызға бере- рінде: «Ертең тауып бер ақшамды, бермесең бір теңге өсіп отырады», - депті. Қожанасыр: «Құп»,
- деп ертеңінде есінен шығып, айлар бойы қары- зын бермей жүре беріпті. Ал ана кісі, бір күн өтсе - бір теңге деп, он күн өтсе - он теңге деп, қарызының өсіп келе жатқанына қуанып, жүз теңгеге толғасын алайын, - деп, жүре беріпті. Ақыры бір күні ол Қожанасырға келіп: «Қоже- ке, қарыз алғаныңа бүгін жүз күн, келісім бой- ынша бес теңгеме жүз теңге қосып бересің»,
- депті. Қожекеңнің есіне қарызы жаңа ғана түсіп: «Құп, тілегің болсын, бірақ қарызың мен өсіміңді бидің алдына барып беремін», - депті. Бұл сөзді естіген ана кісі қуанып, Қожанасы- рды жер-көкке сыйғызбай мақтай беріпті. Со- нымен Қожанасыр әлгі кісіні ертіп барып, биге жүгініпті де, жүз бес теңге ұсынып: «Мына кісі- ге беріңіз», - депті. Би тілегін орындап: «Тағы қандай арыздарың бар?» - дегенде, Қожана- сыр: «Тақсыр, енді менің алашағым бар, бұл кісіде. Бұдан екі жыл бұрын бес теңге қарыз алып, бұдан жүз күн бұрын берді. Күніне бір теңгеден өсіп отырғанда, мен қанша аламын, соны төрелеп алып беріңіз», - депті. Ана кісі:
қарыз 
«Ойбай, біз олай келіскеміз жоқ», - деп безек- теп қоя беріпті. Төреші: «Жоқ, өсім дегенді шығарып жүрген өзің. Сондықтан Қожекеңнің өсімін сен де бересің. Бір жылда үш жүз алпыс бес күн, екі жылда жеті жүз отыз. Одан жүз күнді шығарғанда алты жүз отыз күн қалады. Қожекеңе алты жүз отыз теңге бер. Бермесең зынданға алты жүз отыз күнге салдырып қоя- мын», - деп үкім беріпті. «Зындан» десе зәресі кететін кісі: «Құп», - деп Қожанасырға тиісті теңгесін санап беріпті.





Пікір жазу