22.08.2022
  172


Автор: Қожанасыр хикаялары

Бетпе-бет келген өзінен көрсін

Қожанасырды көшеде келе жатқанда бір ит қауып алады. Қожекең қолындағы балтамен басына салып қалса, ит өліп қалады.


Иттің иесі жанжалдасып, Қожаны қазыға алып барады.


– Балтаңыздың сабымен ұрсаңыз да болмас па еді? - дейді қазы.


- Ит мені аузымен қапты. Сондықтан мен де оған балтаның жүзін жұмсадым. Егер ит мені аяғымен тепкенде, мен де оны балтаның сабымен ұрар едім.


Бетпе-бет келген өзінен көрсін, қазеке! - депті Қожа.Бетпе-бет келген өзінен көрсін 





Пікір жазу