22.08.2022
  138


Автор: Қожанасыр хикаялары

Біткені жақсы болған екен

Қожекең қарны ашып келіп:
– Қатын, біраз ашыған айран мен нан алып келші! Ашымал адамның тәбетін шақырып, тамақты көп жегізуші еді, - дейді әйеліне.
– Ашыған айран кеше біткен, қалған жоқ, - дейді әйелі.
– Біткені жақсы болған екен, ашыған айран тіске, асқазанға зиянды болушы еді, - депті Қо- жекең.
– Бұл сөздердің қайсысына сенуге болады? - депті әйелі сонда.
– Ашыған айран болса алдыңғысына, болма- са соңғысына сеніңіз, - депті Қожанасыр.Біткені жақсы болған екен 





Пікір жазу