22.08.2022
  167


Автор: Қожанасыр хикаялары

Менің шапаным үшін келген шу екен

 


Бір күні түнде Қожаның құлағына дау- рыққан айқай- шу естіледі. Қожа әйелін оя- тып: «Ой, қатын, тұр, шырақты жақ, көшеде не шу болып жатқанын біліп келейін», - дейді. Шырт ұйқыда жатқан әйелі тұруға ерініп:
– «Тыныш жата берсеңізші, көшедегі шуда не жұмысыңыз бар?» - деп жата береді. Қо- жанасыр орнынан тұрып, шапанын жадағай иығына жамыла салып, көшеге шығады. Кө- шеге шыққан замат өзі қашып келе жатқан ұрылардың біреуі Қожаның иығындағы ша- панын ала қашады. Қожекең дереу үйіне қай- тып кіріп, есігін жаба қояды. Ояу жатқан әйелі көрпеден басын шығарып:
– Не үшін шыққан шу екен? - дейді.
– Менің шапаным үшін келген шу екен. Шыққан заматта шапанды алып тына қалға- нын байқамайсың ба? - дейді Қожа.шапан 





Пікір жазу