22.08.2022
256

«Есек үйде емес»
Қожадан бір кісі есегін сұрап келеді. Қоже- кең: «Есегім үйде емес», - деп жауап береді. Сол уақытта есек қорадан ақырып жібереді. Есек сұрап келген кісі Қожаның алдағанына ренжіп:
– Қожеке, аппақ сақалыңызбен өтірік айту сізге лайық емес қой, - дейді.
Сонда Қожа есегінің мезгілсіз ақырғанына ашуланып, әрі әлгі адамға былай дейді:
– Е, ақымақ, аппақ сақалыммен айтып тұрған менің сөзіме сенбей, ақылсыз есектің сөзіне еліккенің не? Бар, есек үйде емес, үйде болғанымен күйде емес, - деп шығарып жіберіпті.