22.08.2022
184
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-22-03-18-21.png)
Тоғыз теңге болса да берші!
Қожекең бір күні түс көреді. Түсінде тәжі қоразы бар екен дейді. Алдына бір кісі келіп:
–Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? - деп сұрай- ды.
– Ақшаны көп берсең сатамын, - дейді.
– Кане, қаншаға бересіз? - дейді кісі.
– Он екі теңге бер.
– Жеті теңге берейін.
– Жоқ.
– Болмаса сегіз теңге берейін.
Осылай таласып, нарық тоғыз теңгеге шыққанда, Қожанасыр оянып кетіпті. Оянса қоразы да, алушы да, ақша да жоқ. Қожекең дереу көзін жұмып:
«Тоғыз теңге болса да берші!» - деп қолын созады.