22.08.2022
  154


Автор: Қожанасыр хикаялары

Құдайберген

 


Бір күні көше бойлап келе жатқан Қожана- сырдың алдынан үш-төрт кісі шыға келіп:
– Әй, осы сенің атың кім? - деп ортаға ала ке- теді. Оған Қожекең саспастан:
– Құдай, - деп жауап береді.
Мына сөзді естісімен жаңағы кісілер сол ел- дің ханына Қожанасырды алып келеді. Сәлем- дескеннен кейін:
– Тақсыр, хан, мына бір күнаһар пендеңіз атың кім десе, «Құдай» деп жаратушы Алланы келемеж етіп жүр екен, соның жазасын өзіңіз берсін деп, алдыңызға әкеліп отырмыз, - дейді әлгілер.


 
Бұрын да талай рет алдына келіп, шық жуытпай кеткен Қожанасырды «енді тұзағы- ма түстің бе» дегендей қаһарлы хан, қалың қа- бағынан қар жауғандай сәл тұнжырап отыра- ды да, көзімен атып жіберердей Қожанасырға тесіле қарап:
– Ал сөйлеші, атың кім сенің? - деп асасын кезеп, мелшие қалды. Қожекең саспастан ханға қарап:
– Уа, ұлы мәртебелі, тақсыр хан, менің атым Құдайберген еді. Бірақ мына басбұзарлар
«Құдайын» айтқызып, «бергенін» айтуға мұр- шамды келтірмей бөріше бас салып, өзіңізге әкеліп отыр, - деп жауап беріпті. 





Пікір жазу