22.08.2022
  380


Автор: Қожанасыр хикаялары

Арман

 


Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау са- лып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті.


 
– Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор, - деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті.
– Қожеке, бізді мұншама масқара етіп, ауда неғылып жүрсіз? - десе, Қожанасыр:
– Суда балықша жүзу ежелгі арманым еді, обалыма қалдыңдар, - деп, балықшылардың өздеріне байбалам салыпты.


 





Пікір жазу