22.08.2022
  178


Автор: Қожанасыр хикаялары

Есегіме ұқсайды екенсіз

 


Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:
– Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқан- да көз ілеспейді, - деп мақтанады.
– Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.
- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім:
 
«Құдіретті ханымыздың дауысы арыстанның ақырғанынан да күшті», - деуші еді, сенің есе- гің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан.
– Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қо- жанасыр.
Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқай- лап қоя беріпті. Сонда Қожанасыр:
– Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегім- дей екенсіз,- дейді.


 





Пікір жазу