«Өлген» қазан
Бір күні Қожанасырдың үйіне қонақ келіп қалады. Қожанасырдың үйінде кішкене ғана қазан бар екен. Бұл кішкене қазанға пісірген ас қонақтарына жетпейтін болады. Сондықтан Қожа көршілес отырған байдың үлкен қаза- нын сұрайды.
Бай қазанын бергісі келмей, қипақтайды. Қожа өлердегі сөзін айтып, қазанды зорға сұрап алады. Тамақтарын ішіп, қонағын жө- нелтіп болған соң, Қожа байдың қазанын алып барады.
Бай тұрып:
– Уа, Қожа, қазанымды сындырған жоқпы- сың? - деп, сұрайды.
– Жоқ, тақсыр, қазаныңыз сынған жоқ, қай- та балалады! - дейді Қожа.
– Не айтып тұрсың? Қазан балалай ма екен?
- дейді бай.
– Сенбесеңіз, келіп көріңіз! Міне,қазаныңы- здың баласы, - деп, Қожа байдың қазанының ішінен бір кішкене қазанды алып көрсетеді.
Бұл Қожанасырдың: «Бай не айтар екен?» -
деп, әдейі әкелген өз қазаны еді. Бірақ: «Кіш- кене қазанымды өзіме қайтарып берер», - деп ойлаған еді, ол. Қолына түскен олжадан бай те- гін айырылар ма!
– Уа, Қожа, рақмет, сау бол! Керек болса, қазанды тағы да алып тұруыңа болады, - дейді бай көңілденіп.
Бір қазаны екеу болған соң, көңілденбей қайтсін!
Қожа қазансыз қалады. Бірақ амал не? Әкел- ген өзі. Қазанын тастайды да, Қожа үйіне қай- тады. «Бұл бай итке бір нәрсе істейін!» - деп ой- лайды, Қожа үйден шығып бара жатып.
Біраз уақыт өткен соң Қожа әлгі байдың қа- занын тағы да сұрай келеді.
– Алыңыз, алыңыз, Қожеке! - дейді, қазаны қазан тауып, дәндеп қалған бай. «Бұл жолы да Қожа қазанымның ішіне бір нәрсе салып әке- лер», - деп ойлайды араны ашылған бай.
Қожа байдың қазанын қайтармай қояды. Бір күн өтеді, екі күн өтеді, үшінші күні бай қаза- нын өзі іздеп келеді.
– Уа, Қожа, қазаным қайда? - дейді бай, есік- тен кірген бойда.
– Байеке, айыпқа бұйыра көрмеңіз! Қаза- ныңыз екі күн ауырып, бүгін өлді. Қазір өзім барып сізге естіртіп, көңіл айтқалы отыр едім,
- дейді Қожа қынжылып.
Бай ашуланып, бұлқан-талқан болады.
– Ақымақ! Не айтып отырсың? Қазан өле ме екен? Тез тауып бер! - деп, ақырады.
– Байеке, сөкпеңіз! Туа білген қазан өле біледі. Мен ақымақ емес, сен өзің ақымақсың!
- дейді.
Бай сөзден жығылып, үйіне қайтып кетіпті.