22.08.2022
441

Қожанасырдың тойға баруы
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті.
Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, та- мақ іш», - демепті.
Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді.
Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтей- ді, төрден орын береді, ет келгенде:
– Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошемет- тейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
– Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі:
– Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жей- тін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
– Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма же- гізіп отырғаным, - деп, жауап береді.