Қожа мен хан
Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжал- дасып, ханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа, хан алдына қойны- на бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағы- ның да арызын тыңдап болып, енді үкім ай- туға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып, Қожаның бетіне жалт қарайды.
Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қой- нына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен.
Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем», - деп тұр екен деп, ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды.
Үкімге риза болмаған бай ашуланып кетіп қалады. Бай кеткен соң, хан күлімдеп, Қожа- насырды жанына шақырып алып:
– Ал Қожеке, маған ризасың ғой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алты- ныңды бер! - дейді.
– Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, - деп, Қожа қойныңдағы тасты алдына тастай береді.
– Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, койыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? - деп, сұрайды хан.
– Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім:
«Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» дегенім еді, - дейді Қожа.