22.08.2022
  141


Автор: Нұрлан Қалқа

«Балдырғанның» досы

«Балдырғанға» құмар бала,
Деп ойлама Қосай ғана.
Құмар əрбiр шығармаға,
«Балдырғанмен» дос Айдана.
Əрбiр күнi
Ағасына,
Ерте тұрып ертеңгiсiн,
Оқытқызып анасына,
Тыңдайды өлең,
Ертегiсiн…
Өздiгiнен бiр бетiн де,
Шамасы жоқ оқуға əлi.
Қарап сонсоң суретiне,
Əңгiмелеп отырғаны.
Бiледi əр құс,
Əрбiр аңды,
«Балдырғаннан»
ашқаны мол.
Түн болғанда
«Балдырғанды»
Ұйықтайды жастанып ол.





Пікір жазу