22.08.2022
  85


Автор: Нұрлан Қалқа

Қайраттың қылықтары

1. Ǿ МЕН БОКСШЫ БОЛАМЫНǿ
Чемпион болды Артаев,
Олимпиадада топ жарып.
– Мен де боксшы боламын! –
Деп қалды балам жар салып.
Сүйсіндім бұл талапқа,
Іштей тұрмын қалап та.
– Атың – Қайрат емес пе? –
Лайық бол, балам, – сол атқа!


2. ǾҚАЗАҚША ҒОЙ СӨЗДЕРІǿ
Қызық болды бір жолы,
Автобус іші лық толы.
Қайрат сөйлей бастады,
Тыным таппай қос қолы.
Қарт таңырқай қарады,
Қызық көріп баланы:
– Қазақша ғой сөздері,
Маған жағып барады!
3. ǾЕКІ...ǿ
Төрт жастағы Қайраттың,
Қылықтары əйбəт тым.
– Р-р!-ды айт! – деп бір күні,
Өзімше бір сайраттым.
– Р! – деші,
– Р!
– Др-р! – деші,
– Др-р!
– Жарайсың!
Бір! – деуге енді қалайсың?
– Біл!


– Біл емес, балам:
Бір! – деші!
– Екі! – деді ол қуланып,
Амал жоқ, дедім: – алдайсың.
4. ǾКӨЗІҢ НЕГЕ КІШКЕНЕ?ǿ
– Көке, ашшы көзіңді?
Деп састырды өзімді.
Шындап жауап қаттым мен,
Еске ап бала кезімді.
– Тыңда балам, сөзімді,
Болғын мендей төзімді.
Күндіз-түні оқумен,
Кішірейткем көзімді.





Пікір жазу