meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  22.08.2022
  159


Автор: Нұрлан Қалқа

Бақыт деген немене?

Оу, Айдана, Айдана,
Шекердейiн қылығың.
Жымиғаның жəй ғана,
Маған бақыт құлыным.
Кейбiр кезде бұртиып,
Күй кешесiң өкпелi.
Қаларсың тез «қылтиып»,
(Ол мiнезiң өтпелi).
Қасымызда жүргенде,
Айтқаныңнан таймайсың.
Көңiлденiп күлгенде,
Күн нұрындай жайнайсың.





Пікір жазу