22.08.2022
433
Немере
Айшаға
Немере келіп өмірге,
Шаттық толды көңілге.
Нұрланып Ай да қарайды,
Жарқырап Жұлдыз көгімде.
Қорыққан сəттер əлі есте,
Жия алмай тұрмыз сəл есті.
...Ұмыттық бəрін бірдемде,
Өмірге келіп нəресте.
Ып-ыстық неткен немере,
(Түр-түсі бізге келе ме?!.)
Шын тілесең ұрпақты,
...Осылай Алла бере ме!
Жүре ме мені «аталап»,
Жүрем бе күнде арқалап!
Жанардан ыстық болар ма,
Бойжеткен мені «ағалап».
Балдай тəтті немерем,
Қуанышқа кенеген.
Таудай болып, өсіп-өн,
Ақ батамды берем мен!
Астана, 14 маусым 2012 жыл.