22.08.2022
238
Айдана
Жұбанышым – Айданам,
Күн нұрындай жайнаған.
Сенің сəби күлкіңмен,
Құлпырады айналам.
Қуанышым – Айданам,
Ақыл-ойы сай балам.
Өз жолыңды тапқайсың,
Мына өмірден қайнаған.
Əулетімнің жалғасы,
Əке жолын жалғашы.
Адам болып қалуға,
Ғұмырыңды арнашы.