22.08.2022
1033
![](/uploads/shorttexts/author_image/20170413104630.jpg)
Сағадат ата - нар тұлға
Халық қаhарманы Сағадат Нұрмағамбетовке
Сағадат ата – нар тұлға,
Мақтаныш болған халқына.
Жас сарбаздарды даярлар,
Мектеп бар батыр атында.
Қаһарман, ардагер атамыз,
Баршаға ісі мен аты аңыз.
– Шіркін-ай, Сіздей болсақ! – деп,
Қиялға кей кезде батамыз.