20.08.2022
142
АРАБ КӨКТЕМІ
Білек түріп, тепсініп, белсеніп кіл,
Араб шықты алаңды еңсеріп бір.
Келе жатыр ұлардай шулап бәрі,
Алтын тағы құлардай теңселіп тұр.
Қайтем сені, Мүбәрәк, Мүбәрәк-ай,
Мұсылман ба десем бір - дүбәрәдай.
Алла - мәңгі!
Алтын тақ - құздың шеті,
Құлап кетсең, жатарсың тұра да алмай!
Керуен соғып, кеткен соң ерік бастан,
Ойдан - ақыл, бойынан желік қашқан.
Сенбейді екен араб та бір Аллаға,
Сенген болса,-
Неге оған серік қосқан?!
Мүбәрәк-ай, мүсәпір Мүбәрәк-ай!
Сен де - қырғын.
Мен де - аузы дуалы Абай.
Бір Алланың қаһарын бір араб кеп,
Сезбей қойды-ау біздің Ғұн ғұламадай.
Тәңірі деген Ғұндар-ай, керегелі,
Терең еді,
Күллі елден ерек еді.
Құран қалай түсті екен мыналарға?
...Тұранға кеп түсуі керек еді