20.08.2022
  92


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

АССАЛАУМААЛЕЙКУМ

Ассалаумағалейкум, «ҚазМұнайГаз»!
Қарға да қанаттанып, қалғымай -
Мәз!
Төлеген Қос обадан сәлем айтса,
Төбеннен қалай ұшсын саңғымай қаз?
Елі мен жері де аппақ ары сынды,
Көзіне ілмейсің бе арысымды?
Мұнайдың мұхиты аққан топырақта
Бензин де -
Қасқалдақтың қаны сынды.
Қарға да қанаттанып, қалғымай -
Мәз!
Төбеннен қалай ұшсын саңғымай қаз.
...Құдайым қазағыңа деген құйттай,
Мейірім берсін Саған, «ҚазМұнайГаз»!





Пікір жазу