20.08.2022
  107


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

АЛТЫН ҚАЛАМ

Армысың, ағам берген алтын қалам,
Алтыннан артық сенің парқың маған.
Мағауин - Алаштың бір алдаспаны.
Алаштың аспанында жарқылдаған!
Ақиық қанат қағып,көкке жөнеп,
Қарғалар жерда қалды қарқылдаған...
Жүректе - сары уайым,
Санамда - нұр,
Кез болдым алмағайып заманға-дүр.
Құдайдың құдіретін сезінерде,
Қуатын құяды әлі маған да - бұл





Пікір жазу