20.08.2022
91
Түні - қысқа.
Түні - қысқа.
Ұзақтау неге күні?
Тарта-тарта қажыдым темекіні.
Темекіні тәрк етсем, Тәңірінің
Көп болар ма бұдан да беретіні.
Ғұмырынды қып-қысқа, өлерменім,
Қамшының сабындай көрем дедің.
Көк түтіннің ішінен шыр-шыр етіп,
Қалай туған онда осы өлеңдерің?
Қарақшы мен жәләптың досы болған, -
Қалай осы көңілдің хошы болған?
...Жер түбіне жеткенде Колумбының
Алып келген олжасы осы болған.
Сол кемеде жол сілтеп соқырларға,
Құранның бір сүресі оқылғанда, -
Колумбының орнында, білігі мол
Біздің Қажы Құнанбай отырғанда...
Ар, ұят та ақшаға саудаланып,
Алтын басы адамның дауда қалып, -
Бүлінді ғой дүние, -
Хан Кене емес, -
Қайдағы бір Колумб жаулап алып.