20.08.2022
  92


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

БАҚШАҒА БАРҒАНДА

Көргенде оны, көрмеген жұрт та - арманда:
«Бұл-бұлым қайда?!»
Қахым жоқ сенің қарғанда!» -
Жамырап қоя берді ғой гүлдер бір күні -
Бақшаға барғанда.
«Сүйеміз - дейді - бекзат жұрт, бекем, бай елді,
Сүйеміз дейді әлемді, әсем әйелді.
Көлеңке түсіп, көктен Күн кете барғанда,
Артық та болмас аймалап қойса Ай енді...»
Біз көрдік - дейді - Колумб көрмеген әлемді,
Қайыршы елден қашқанбыз, іздеп бай елді.
Еркек біткенді ерекше жақсы көреміз
Егіліп сүйген ел-жұртын, сұлу әйелді!
Күн - ерім болса, топырақ - аппақ төсегім.
Өсемін-дейді-өшемін күйіп, хош елім!»
Абайша айтса, махаббатсыз өсе алмайсын,-
Қоғамдық пікірі осы-- оның.
«Сен қайда болсаң, мен - сонда-дейді - ізгілер,
Сұңқардан гөрі тоғышар елдің құзғыны--өр!»
...Құлағын неге салмайды осы дауысқа,
Қоғамдық пікірді қолдан жасайтын біздің ел.





Пікір жазу