20.08.2022
93
МӘРИЯНЫҢ ӘНІ
Құдайдың үйі - «Храм» деп жүр ғой ел оны,
Сол жерден шығып, басында - гүлтәж үкілі, -
Азаттық Ару жымиып күліп келеді,
Ар менен ұят - адами болмыс, бітімі.
Біз тұрмыз күтіп, жауып сол жүрер жолды да,
Тоқтатып көзін қарар деп кімге ол енді.
... Ару дегенім - алаяқ қатын болды да,
Аяр мен сұмнын соңынан ере жөнелді...