20.08.2022
79
ТІЛЕУҚАДЫР ТОҚТАМЫС ҚАЙТҚАНДА
Балқаш-ау, көргем сенің айдыныңды,
Айдынның апай төсі қайғы-мұң-ды.
Жағанда бір жолбарс жортып жүрген,
Ап кетті Алла сол бір айбыныңды!
Аллаға, пенде түгіл, таныс ісі -
Алаштың аруақты арыс - іші.
Қалайша түсіп кетті қапылыста,
Қазақтың қолдан дырау қамшысы?!
Қанатын сермеп ұшты құшып көкті,
Ел үшін, ер үшін де ұшып-кепті.
Балқаштың бетіндегі інжуі еді,
Түбіне көлдің қалай түсіп кетті?
Алласыз,
Абылайсыз -
Жетім елі,
Рақымнан басқа оған не тіледі.
Ұялы Көк Бөріміз көзден ұшып,
Тұяғы Жидебайдың шетінеді.
Жүргенде жүк жеткізем еліме деп,
Заманнан салмақ түсті беліне кеп.
Қара нар - қара жолда көш бастаған,
Балқаштың шөгіп жатыр беліне кеп.