Сарыарқа дейтін елде...
Сарыарқа дейтін елде,
Қызыларай дейтін тау,
Ақсораң дейтін шын бар.
Бауырында - қазақ.
Басында - ғұндар!
Ақсораң, ай-хой, ат шаптырындай аумағы,
Найзағай ойнап, көзінен жасы саулады.
Еніреп келіп, етекке тасы аунады,
Бұл - оның ашуланғаны.
Бүгінде - қазақ,
Ежелде - ғұнның мекені.
Ақсораң - көкте.
Ен - жаулау еді етегі.
Саудабай келсе Қытайдан ала дорбамен,
Ағылда-тегіл, ай-хой бір, мүсерлетеді!
Біздің ауылда - Қытайдың күллі бұйымы.
Құдай көрші - қасында, түспес иіні.
Ұртында-дағы сағызы соның тәп-тәтті,
Бұтында - соның киімі.
Қордабай көкем сөйлейді есіп-елі ғой:
«Алашым аман болса екен-дейді мені-қой!
Шығыста - көршім, Шыңжанда - елшім болмаса,
Ақжарық дейтін ауыл да болмас еді ғой!»
Саудабай келсе,
Алдынан алпыс жан шығып,
Тұрады суға малшынып;
Ақсораң аппақ болады жаздың-жазынды,
Қара жаңбырдың соңынан қаптап қар шығып...
Қап-қара бұлттар бірінен-бірі іріленіп,
Алайда-дүлей ала дорбамен бірге еріп;
...Саудабай жоқта тұрады дағы тып-тыныш
Ол келсе болды - кетеді қайта зілденіп!
Саудакең келсе,
Селдетіп нөсер жел үрсе,
Бір-кеі апта егілер дерсің - егілсе.
...Бауырында қазақ жүргенмен осы Сораңның,
Басында ғұндар қап қойған мәңгі, меніңше.