20.08.2022
95
Көгілдір тоғандарға санақ кепті.
Көгілдір тоғандарға санақ кепті.
Бір үйді бір ұлысқа балап кепті.
Салулы төсек пенен салқын үйге
Қойғандай сайрандатып...
Санап кетті...
Тәңірі, біз көнеміз не десеңіз,
Кім жейді қамды - Сіз кеп жемесеңіз.
Толықсып ханшадай Шолпан отыр,
Қасында кәнизак жоқ демесеңіз.
Ерғазы-ау, Шолпан қалай сен дегенде,
Еріні бал тати ма шөлдегенде.
Көзіңе елестейді неше түрлі,
Көк Түркі көк жиектен көлбегенде.
Алтайдан Альпіні асқан атамызда
Қос қатын болушы еді кем дегенде.
Тоқалдан туған көкең мен де сенің,
Ұлымен бәйбішінің белдесемін.
Ақсұңқар бір-ақ ару алған болса,
Мен де бұл дүниеге келмес едім.
Ел санын еселеу де ерге аманат,
Дегенді күнде айтатын шерге балап,
Жаутандап жалғыз ғана бәйбішеге,
Қайтейін, сен де отырсың жерге қарап,
Қайтейін, мен де отырмын жерге қарап.