20.08.2022
107
Жаным-ай, ала-құйын заманға ердім...
Жаным-ай, ала-құйын заманға ердім,
Ғажайып тылсым сырлы ғалам көрдім.
Қалам мен қағазынан басқа түк жоқ,
Көрдім мен қаракетін қаламгердің;
Алаштай алашапқын жұртта туып,
Қараптан қарап соған алаң болдым.
Періште ем,
Ақырында - арам болдым,
Ой басып, осы күнге аман келдім.
Арбалған айдаһарға адамдайын,
Алдынан өттім не бір маңмаңкердің;
Тәнімді - жер алады, жанымды - Алла,
Суырып жүрегімді Саған бердім...